zhangir-khan1

Жалпы ақпарат

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде мамандарды дайындаудың көп сатылы жүйесі, яғни бакалавриат, магистратура, докторантура (PhD) сәтті енгізілген.

ҚР-ның «Білім беру» туралы Заңына сай Қазақстан Республикасында үздіксіз білім алудың ең жоғарғы деңгейі магистратура және докторантурадан тұратын жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу болып табылады.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің ғылыми, кадрлық, оқу-әдістемелік және ақпараттық, материалды-техникаларымен қамтылған оқу үрдістері магистранттар мен докторанттарға мамандықтардың білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруге, оларды іргелі ғылыми-педагогикалық дайындауға, нәтижелі ғылыми-зерттеу қызметтерін жүргізу мүмкіндігіне кепілдеме береді.

Университеттің магистратурасы мен докторантурасы заманауи технологиялы білім беру жүйесін меңгерген жоғарғы дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрларымен қамтылған. 160-ден астам университеттің ғылым докторлары мен кандидаттары, сонымен қатар шетел ЖОО-серіктестері магистранттар мен докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етіп, оқу сабақтарын жүргізеді.

Университеттің магистранттары мен докторанттары университеттің және шетел серіктес ЖОО-ның ҒЗИ зертханаларында ғылыми – зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.

Университеттің Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық мамандықтары бойынша жетекші Отандық және шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастық туралы келісімшарттары бар.

Магистранттар мен докторанттар үшін университетте халықаралық ақпараттық желі, кітапхана қоры мен мәліметтер базасы, компьютерлік технологияларын еркін қолдану қамтамасыз етілген.

Магистратураның білім беру бағдарламасында:

1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;

2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама түрлері;

3) ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;

4) бейіндік магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысы;

5) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.

Магистратура

Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білім деңгейі – жоғары білім.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 2005 жылдан бастап магистрлік бағдарламалар бойынша дайындық жұмыстарын екі бағытта жүргізуде: ғылыми және педагогикалық, бейіндік.

Ғылыми және педагогикалық магистратура (оқу мерзімі 2 жыл) жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылым саласы үшін ғылыми-педагогикалық даярлығы терең ғылыми және педагогикалық мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.

Бейіндік магистратура (оқу мерзімі 1-1,5 жыл) экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кәсіптік даярлығы терең басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.

Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Структура и содержание ОП магистратуры
Вы здесь: Главная Структура и содержание ОП магистратуры