zhangir-khan1

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің сайтына қош келдіңіздер!

Қазіргі таңда университет - бұл білім беретін жəне ғылыми қызметтерді, біліктілікті көтеру, экономиканың аграрлық жəне өнеркəсіптік салалары үшін басқарушы жəне ғылыми кадрларды қайта даярлау қызметін жүзеге асыратын елдегі ең танымал əрі жетекші көпсалалы мемлекеттік жоғары оқу орны. Университет елдің жəне аймақтың халық шаруашылық кешенінің үздіксіз дамуын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сыртқы миссия - қатарластары арасында бірінші болу.

Ішкі миссия - экономикалық білімді кадрлық жəне ғылыми қамтамасыз етудегі инновациялық аймақтық университет болу.

Пайымдауы - Батыс Қазақстандағы аграрлық-техникалық жəне экономикалық білім беру мен ғылымның сапалы көшбасшысы болу.

Университеттің қалыпты құрылымы уақыт сұранысына жəне жоғары білімді дамытуға толықтай сәйкес келеді. Университет студенттердің тұрақты контингентінен, білікті əкімшілік-басқару ұжымынан, профессорлық оқытушы құрам мен заманауи талаптарға сай жақсы материалды-техникалық базадан тұрады. Ұсынылған қызметтердің сапасын объективті бағалауды қамтамасыз ету мақсатында біз елдегі жоғары білім беру жүйесінде көшбасшы орынға ие болдық. Қазақстандық жəне халықаралық университеттер рейтингінің мəліметтеріне сәйкес біз Қазақстандағы үздік университеттер қатарына ендік.

Университетіміздің даму қарқыны болашаққа сенімді қарауға мүмкіндік береді. Бұл болашақ бізге университеттің классикалық дәстүрін қалай сақтау керектігін, оның дамуы үшін кəсіпкерлік негізде құрылғандығын, үздіксіз білім беру мен іргелі білімді қамтамасыз етуді, халықаралық сапа стандартын ұстануды, жаңа білім беру технологияларын енгізуді, енбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті сақтауды, әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдарламасы» стратегиясын іске асыру негізін көрсетеді.

БҚАТУ- да білім алу - бұл тұрақты болашақтың кепілі.

Вы здесь: Главная Ректордың қаратпа сөзі
Вы здесь: Главная Ректордың қаратпа сөзі