zhangir-khan1

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрылу тарихы

Жоғары оқу орнының тарихы мен өңірдегі агроинженерлік жоғары білім беру тарихы Батыс Қазақстандағы аграрлық және өндірістік секторлардың басты даму сатыларын танытады.

Бос жатқан тың жерлерді белсенді игеру кезеңінде Батыс Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісімен шұғылданатын бес облыстың жетекші буынының білікті кадрмен қамтамасыз етудің өткір қажеттілігі туындады.

Орал облысы бойынша 60 жылдардың басында жоғары білімді маманға деген қажеттіліктің тек 30 пайызы ғана қанағаттандырылса, өзге облыстарда бұл көрсеткіш 20 пайызға жетті.

Осы себепті Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 19.07.1963 ж. күнгі №571 Қаулысымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты ашылды.

Институт өз қызметін күндізгі бөлімнің 1-курсына 300 студент қабылдап, ыңғайластырылған ғимаратта 3 факультет (агроэкономикалық, ветеринарлық, ауыл шаруашылығын механизациялау) құрамындағы 11 кафедрамен бастады. Алғашқы студенттердің көпшілігі колхоз, совхоздардың мамандары, өндірісте тәжірибе алғандар болды.

Оқытушылар жетіспегендіктен 1964 жылы ветеринария факультеті зоотехникалық факультет болып қайта құрылса, агроэкономикалық факультеттің құрамынан бөлінуі арқылы 1966 жылы дербес агрономия факультеті ашылды. Институт біртіндеп кеңейіп, ауыл шаруашылығы саласында жоғары білім беру мен ауыл шаруашылығы ғылымының ірі орталығы болып қалыптасты.

1967-1986 жылдардағы типтік оқу кешенінің құрылысы, ғылыми-зерттеу секторының құрылуы, әскери кафедраның, біліктілігін жетілдіру факультеті мен ветеринарлық факультеттің ашылуы, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базаның қалыптастырылуы жоғары оқу орнының алғашқы басшылары мен қызметкерлерінің, оқытушылар құрамының қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістігі және университеттің даму тарихына қосқан сүбелі үлесі еді.

1975 жылы оқу корпустары, жатақханасы, тұрғын үйлері мен қосымша инфрақұрылымы (кітапхана, спортзал, асхана-кафе, ветклиника т.б.) бар, типтік үлгідегі студенттік кешеннің қолданысқа берілуі институт тарихындағы елеулі оқиға болды.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан айтулы үлесі мен кадрлық және материалдық базасының деңгейі ескеріліп, ҚР Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы №573 қаулысымен институт Батыс Қазақстан аграрлық университеті болып қайта құрылды.

ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 14 ақпанындағы №236 қаулысымен БҚАТУ Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамына енгізілді, 2002 жылдың 5 қарашасында ҚР Үкіметінің №1172 Қаулысына сәйкес университет БҚМУ құрамынан шығарылып, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болып қайта құрылды. 2003 жылдың 30 мамыр күні университетке ХІХ ғасырдың әйгілі мемлекет қайраткері, ағартушы әрі реформатор Жәңгір хан есімі берілді.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 қаулысына сәйкес «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

ЖОО дамуына түрлі кезеңдерде оның ректорлары өлшеусіз үлес қосты. Атап айтсақ, Александр Дзержинский, Валентин Иконников, Борис Шах, Николай Шрамко, Сергей Джубаев, Базар Дамитов және Қазыбай Бозымов. Олардың бәрі де өз дәуіріндегі жоғары мектептің дарынды ұйымдастырушылары әрі көшбасшылары еді. Олардың әрбірі университет тарихында елеулі із қалдырып, оның қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Оқу бөлмелерін жасақтау, кафедралар құру мен кадр жинау секілді ұйымдастырушылық жұмыстары институттың алғашқы ректоры Александр Яковлевичтің есімімен тығыз байланысты. Валентин Константинович типтік студенттер қалашығының құрылысын қолға алған басшы ретінде ұжым өкілдерінің есінде қалды. Қазақстандағы аграрлық ғылым мен білім саласындағы ірі қайраткер, кейінірек Қазақ АШИ ректоры болған Борис Петрович Шахтың 1975-1985 жылдар аралығындағы ерен еңбегінің арқасында типтік студенттік кешен құрылысы аяқталып, университеттің қазіргі ғылыми-педагогикалық әлеуеті қалыптасты. Николай Васильевич пен Сергей Шугайұлы ЖОО-ның өндіріспен байланысын едәуір нығайтып, білім мен ғылымды мемлекеттік қаржыландыру төмендеген қиын кезеңнің ауыртпалықтарына қарамастан, өздеріне дейінгі басшылар қалыптастырған әлеует пен дәстүрлерді сақтап қалды. Еліміздің жоғары мектебінің ірі ұйымдастырушы-реформаторы, бұрынғы ҚР Білім және вице-министірі Базар Қабдошұлы білім сапасын стратегиялық жоспарлау мен мониторингілеудің заманауи қағидаларын, білім берудің инновациялық технологияларын белсенді енгізді. Біз алғашқы декандар: Юрий Артемьев (ветеринарлық факультет), Григорий Зубков (зоотехникалық факультет), Алексей Конкин (экономикалық факультет), Хайролла Кенжегұлов (ауыл шаруашылығын механизациялау факультеті), Владимир Слесарев (агрономия факультеті) және алғашқы кафедра меңгерушілері, ғылым кандидаттары Хисмет Капанов, Милица Родина, Алексей Бакалдин, Үміт Қобланова, Николай Пересветов, Хайролла Сағнаев, Рашид Мясоутов, Иван Олексенко, Алексей Пигарев, Михаил Ротов, Александр Кузнецов, Михаил Пенин, Әмірхан Қарасаев, Анна Вишневская есімдерін, сонымен қатар алғашқы ұстаздар - Алевтина Воронова, Елдос Ғиззатов, Николай Вишневский, Оражай Райсов, Билаш Ғұмаров, Борис Бучкин, Феликс Мун, Шәңгерей Дәулетьяров, Мәдениет Нұралиев, Темеш Шоқабасов және т.б. университет қалыптасуының бастауында тұрған тұлғалардың есімдерін құрметпен, алғысқа толы сезіммен еске аламыз.

60-70 жылдары педагогикалық ұжымның жасақталуына, сонымен бірге университетіміздің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, бұрынғы КСРО ЖОО-дарынан келген ғалымдар да атсалысты. Олар: проректор Павел Кульпин, Виктор Пивень, Сергей Жұбаев, Тельжан Есенгалиев, Иннокентий Торопов, Валерий Исмағұлов, Павел Тихомолов, Павел Ковель, Валентина Дьякова, Едіге Насамбаев, Бекет Нуралин, Балуаш Траисов, Марат Оңаев және Ғұсман Молдашев, сонымен қатар оқытушылар: А.А Антоненко, Н.Я.Жилин, В.П.Согуренко, А.М.Лытяков, Е.А.Молчанов, А.Г.Юлдашев, В.Ф.Рябошкапов, Г.А.Аверьянов, И.М.Фетисов, В.П.Мазаев, Н.Н.Дворянинова, В.К.Харин, А.И.Иванов, В.А.Петровская, Ю.Я.Бенцлер, И.И.Нефедов, Т.А Лозовсий және т.б.

Бүгінгі таңда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ – еліміздегі ірі білім және ғылым орталықтарының бірі, өңірдегі жалғыз мемлекеттік көп бейінді білім және ғылым орталығы. Оның мақсаты Батыс Қазақстан инновациялық экономикасының қажеттіліктерін жаңа толқындағы кадрлық және ғылыми ресурстармен қамтамасыз ете отырып, оның тұрақты дамуының қозғаушы күші ретіндегі өз миссиясын мінсіз атқару болып табылады.

Тұтынушыға бағытталған білім беру қызметі сапасын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында университетте 2004 жылдан бері ИСО стандарттарына сәйкес сертификатталған сапа және экологиялық менеджмент жүйелері қызмет етеді.

ҚР БҒМ саясаты, түрлі елдердегі жоғары аграрлық және техникалық білім берудің даму тәжірибиесі және SWOT–сараптау, бенчмаркинг, кадрлар даярлау ахуалы мен мәселелерін өзіндік бағалау негізінде университеттің 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары жүзеге асырылуда.

Білім беру және ғылыми-техникалық қызмет көрсету үрдісін 5 факультет (агрономия, ветмедицина және биотехнология, политехникалық, машина жасау, экономика және бизнес) пен жоғары және одан кейінгі білімнің 68 мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын 21 кафедра қамтамасыз етеді (оның ішінде 37 бакалавр және 2 арнайы жоғары білім беру мамандықтары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде 6 бағыт бойынша 24 магистратура мамандықтары, 7 докторантура мамандықтары бар).

Университет ғалымдары бірқатар ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізді: қазақ ақбас тұқымының аңқаты ірілендірілген және шағатайлық тұқымішілік типтерін жасады; кроссбред қойларының ақжайық тұқымы мен жылқының көшім тұқымының ішкітұқымдық түрлерін жетілдірді; ҚР ҰҒА академигі Х.И. Үкібаев 2005 жылы жаңа қаракөл тұқымы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 2015 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КеАҚ басқарма төрағасы – ректор, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Н.Х. Серғалиевке «Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір инфекциялық ауруларына арналған биопрепаратар мен диагностикумдар өндіріске енгізілді. Топырақ-мелиоративті зерттеулер; егіс алқаптарының зоналық құрылымы мен егу айналымдарының жүйесі; топырақты өңдеудің ылғал және қор үнемдеу жүйесі; дала дақылдары, көкөністер мен картофельді өңдеудің бейімделген технологиясы; өсімдіктерді жан-жақты қорғау; топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру тәсілдері республикада танымал бола бастады.

2007 жылы инженерлік профильдегі биотехнологиялық зертхана ашылып, 200 млн теңгеге табиғатты қорғауды жобалауға арналған ҚР ҚОҚМ лицензиясы алынды. Соңғы 5 жыл ішінде 4 докторлық, 38 кандидаттық және 546 магистрлік диссертация қорғалды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсында 15 студент шетелдік ЖОО-нда оқу грантын алды.

Біздің университет аймақтық «Алгоритм» технопаркі мен «Мұнай-газ машинажасау» салалық кластер қызметінің белсенді қатысушысы. Оқу тәжірибелік учаскесі базасында дәнді дақылдар мен көкөніс өсірудің интенсивті және қор үнемдеу технологиясы мәселелерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жылдары төмендегідей жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен шығармашылық байланыс орнатылды: Германия (Гумбольт атындағы университет), АҚШ (Техас агротехникалық университеті), Израиль (МАШАВ консалтинг орталығы), Ресей (К.А.Тимирязов атындағы МАША, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті, Саратов әлеуметтік-экономикалық университеті, Самара ауыл шаруашылық академиясы), Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті, Солтүстік-Кавказ Федералды университеті, Дала институты, Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесі, Пущино мемлекеттік Жаратылыстану институты), ҚХР (Солтүстік-Батыс ғылыми-техникалық университеті ауылшаруашылығы және орман өсіру), Чехия (Чехия агротехникалық университеті, Прага). 2016 жылғы 27 қараша күні Қазақстанның агротехникалық университеттерінің жетекшілері мен ауыл шаруашылығы мамандарының Қытай Халық Республикасына арнайы сапары аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Солтүстік Батыс ауыл шаруашылық, орман шаруашылық ғылым-техника университетінің арасында өзара келісім туралы меморандум жасасты. Университет «Қазақстан университеттеріндегі Білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін тарату» халықаралық Темпус және «Тұрақты дамуға арналған өмір бойғы оқыту» ERASMUS + халықаралық жобаларының қатысушысы.

Университеттегі тәрбие жұмысы маман және әлеуетті тұлғаны, өз елінің отансүйгіш азаматын қалыптастыруға, студенттік өзін-өзі басқару мен әріптестік ұстанымдарды дамытуға басты көңіл бөлуде. Университетте білім алушылардың өзін-өзі басқару құрылымдары бойынша студенттік деканаттар, №1 Студенттік үй және №1,2,3 студенттік жатақхана студенттік кеңестері, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі, «Рух» пікірсайыс орталығы, «Ерке-Нұр» би ансамблі, «Нарын сазы» ұлттық аспаптар ансамбль, КТК-Жайдарман лигасы, «Сұңқар» спорттық клубы, «Фатима» қыздар клубы, «Жауынгер» әскери-патриоттық клубы, «Жас қалам» жас тілшілер клубы жұмыс жасауда.

Соңғы жылдарда «Жасыл ел» жалпыұлттық идея көлемінде бағалы дақылдар түрлерін, гүл клумбалары мен 3000 ш.м. ауданға газон егілуінің нәтижесінде университет қалашығы аумағының ландшафты айтарлықтай жақсарды.

2005 жылдың 12 мамыр күні еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Тың игерушілер аллеясы» ашылды, бұл салтанатты жиында Елбасы өз қолымен емен ағашының жас шыбығын отырғызды.

«ГРАНТ» КТК-Жайдарман командасы бірнеше дүркін Республикалық және қалалық КТК лигасы кубоктарының жеңімпаздары. Сонымен қатар «Жайдарман» тележобаларына қатысып, БҚО және Республика аумағында жастар арасында танымалдылыққа ие болды.

Тәрбие жұмысының негізгі құраушы бөлігі көпшілік-бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Осы тұрғыда «Сұңқар» спорт клубының «Дене тәрбиесі» кафедрасымен бірлесе атқаған жұмыстары өз нәтижесін беруде.

Университет білім алушыларының жетістіктері ретінде дәстүрлі түрде Самара қаласында өтетін халықаралық гандбол турнирі, Орынбор қаласында өтетін шағын футболдан халықаралық Поволжья және Қазақстан «Денсаулық» спартакиадасында жеңіс тұғырына бірнеше рет көтерілуін атауға болады.

Республикалық деңгей: армрестлингтен V-ші қысқы ҚР Универсиадаға қатысып қыздар арасында ІІІ орын және ерлер арасында ІІІ орын (Қостанай қ.) иеленді. Волейболдан VІІ-ші жазғы ҚР Универсиадаға қыздар арасында (Қостанай қ.) және ерлер арасында (Алматы қ.) қатысты. Үстел теннисінен VІІІ-ші жазғы ҚР Универсиадаға қыздар арасында (Астана қ.) және ерлер арасында (Астана қ.) қатысты. Гандболдан VІІІ-ші жазғы ҚР Универсиадаға қатысып, ерлер арасында ІІІ орын (Астана қ.) иеленді.

Университет ұжымының есінде көрнекті ғалымдар, жазушылар, мемлекеттік қызметкерлермен болған кездесулер, атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Бақытжан Жұмағұлов, Бірғаным Әйтімова, Кенжеғали Сағадиев, Қадыр Мырза Әли, Әбіш Кекілбаев, Абсаттар Дербісәлі, Ақұштап Бақтыгереева, Илья Жақанов, Ахметжан Есімов, Айткүл Самакова, Мұрат Кәрімов, Олег Дымов, секілді т.б. жарқын әрі мән-мағыналы көріністерге ие.

Университеттің кадрлық әлеуеті 313 оқытушыдан, соның ішінде 3 ҚР ҰҒА академигінен, 16 ҚР ЖҒА академигі және корреспондент-мүшесінен, 22 доктордан, 107 кандидаттан және 10 PhD доктордан тұрады.

Университет аймақтағы бірден бір инфрақұрылымы дамыған типтік «студенттік кампус» болып табылады: 8 оқу-зертханалық корпус, 4 жатақхана, 2 спорт зал, асхана-кафе, жастардың мәдени демалыс орны, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық мұражай, ветклиника, 200 орындық «Нива» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, тұрақ-гараж аймағы, саптық дайындық плацы, танкодром т.с.с.

Университеттің ғылыми кітапханасы – 768796 сақтау қоры, 550 орындық 3 оқу залы бар облыста білім беруді ұйымдастырудағы кітапханалардың әдістемелік орталығы болып табылады. Бұл жерде алғаш болып ТМД елдері аграрлық-техникалық жоғары оқу орындары бойынша бірыңғай ақпараттық орта қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қолға алынған.

Университет типографиясының көптүсті басылым шығару мүмкіндігі бар полиграфиялық базасы жаңартылды. Жалпыұлттық «Қазақстан Республикасының оқыту теледидары» жобасын жүзеге асыру мақсатында жеке-дара «Парасат» атты оқу телестудиясы құрылып, жұмыс жасап келеді. «Пересекающиеся параллели» фильмі 2007 жылы «ТелеПроФи» ІІ Жалпыресейлік телевизиялық фильмдер фестивалінде Гран-При иегері атанды. Авторлық ұжым Гұмаров Г.С., Төлепов Н.Ж. және т.б.

Соңғы жылдарда ішінде оқытушылар мен қызметкерлерге арналған 72 және 44 пәтерлі үй, машина жасау факультетінің 1000 орындық оқу корпусы, ғылыми-зерттеу институты мен әкімшілік ғимараты салынып қолданысқа берілді. Оқу ғимараттар кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, жиһаздар, жабдықтар жаңартылды, жаңа станоктар мен зертхана приборлары сатып алынды. Ерекеше назар студенттік қалашықтың ландшафт дизайніне, көрнекі үгіт-насихат жұмысына бөлініп жүр. Жәңгір хан ескерткіші қойылып (2003ж), музей ашылды (2003ж), «Алғаш тың игерушілер аллеясы» ашылып (2005ж), жаңа ветклиника құрылысы аяқталды.

«Нива» шынықтыру-сауықтыру орталығы реконструкциядан өткізіліп, студенттік медициналық орталық іске қосылды. Студенттік кампусқа қойылатын әлемдік талаптарға сай келетін 560 орындық 9 қабатты Студенттік Үй пайдалануға берілді.

Біздің негізгі «даму қорымыз» – 50 жыл ішінде инженерлік-техникалық және басқару кадрларын дайындау ұстаханасы ретінде танылған айрықша бедел, берік академиялық дәстүр және аймаққа аты мәлім болған, қоғам мен мемлекет үшін аянбай тер төгіп жүрген талантты ғалымдар мен жас ғылыми элитаның «алтын қоры». Олардың қатарында ғылым докторы мен профессоры Браун Э.Э., Вьюрков В.В., Көшалиев Қ.Ж., Сергалиев Н.Х., Таубаев У.Б., Траисов Б.Б., Шәлменов М.Ш.,Кереев Я.М., Абсатиров Г.Г., Монтаев С.А., Насиев Б.Н., Рысқалиев Т.Х., Шамғонов А.Ш., доценттер Аринкин Е.А., Бисенов С.Х., Байарыстанова А.С., Бралиев М.К., Богдашкина И.В., Габдулов М.А., Джапаров Р.Р., Давлетьяров Ш.Х., Ефремов Ю.Н., Ибыжанова А.Д., Мурзашев Т.К., Пащенко Н.Н., Саденов М.М., Суханбердин Ф.Х. және Суханбердина Л.Х., Траисова Т.Н., Тюрин А.Н., Ширванов Р.Б. және т.б.

Университет жетістіктері

- ФЕБР халықаралық қор басқармасы (Женева қ.) «Іскерлік тәжірибенің жоғары сапасы үшін» алтын медалі, 2004 ж;

- JQP Халықаралық бағдарлама кеңесінің (Женева қ.) «Глобальді сапаны ілгерілету үшін» алтын сертификаты, 2006 ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;

- Еуропалық Бизнес Ассамблеясының (Оксфорд қ.) Тағайындаулар жөніндегі комитетінің «Еуропалық сапа» Халықаралық марапаты, 2008 ж;

- Университет Тараздық декларацияға қол қойды, 2008 ж;

- ЖОО-ның 14 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредитациядан сәтті өтті, 2010 ж;

- Ұлы Хартия университеттерінің толыққанды мүшесі болды (Болонья қ.), 2010 ж;

- Университет (Қазақстан Республикасындағы Статистика бойынша агенттігі) статистикалық саралау қорытындысы бойынша 35 үздік жоғары оқу орындарының қатарына еніп, «Сала көшбасшысы 2013» құрмет белгісімен марапатталды, 2013 ж;

- Ұлттық рейтинг мәліметі бойынша (жалпы) 2013 жылы 60 ЖОО-ның ішінен 39 орынға және 2014 жылы 52 ЖОО-ның ішінен 27 орынға ие болды;

- Ұлттық рейтинг нәтижесі бойынша саралаудан бері республика бойынша ең үздік 3 сала бойынша университетімізге мынадай мамандықтар кіреді: «Агрономия», «Топырақтану және агрохимия», «Ветеринариялық санитария», «Ветеринариялық медицина», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Аграрлық техника және технология», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Құрылыс», «Мұнай-газ ісі»;

- Тәуелсіз агенттіктің мәліметі бойынша университетіміз білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша Қазақстандағы үздік 13 техникалық ЖОО-ның қатарына жатады, университет:

-- 2012 жылы 9 орын;

-- 2013 жылы 9 орын;

-- 2014 жылы 8 орын алды.

- Webometrics рейтингісі бойынша 2014 жылы Қазақстандағы 112 ЖОО-ның ішінен 34 орында және әлем рейтингісі бойынша 9588 орында болды;

- ARES – 2014 Еурорейтингісінде Қазақстандағы 54 ЖОО-ның арасынан 28 орынды алды;

- Университет жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингісінің мүшесі болып табылады (Quacquerelli Symonds Limited агенттігі, Ұлыбритания);

- 2013-2014 жылы ҚР кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерін статистикалық саралау нәтижесі бойынша университет: ҚР кәсіпорындар арасындағы төрт салық түрлерінің орын қосындысы бойынша ТПО-10-да (қола) «9» орынды;  БҚО-ғы кәсіпорындар арасынан ТОП-3-те (алтын) «Жеке табыс салығы» критерийі бойынша «1» орынды алды;

- SIOS критерийлері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін сапа стандарттары «International Quality Sertificate» (SIQS) Швейцария институтының сапа сертификаты, 2015 ж;

-  Университет тәуелсіз рейтинг және аккредиттеу агенттігінің рейтингіне қатысып, 2016 жылдың 18 мамырында «Казахстанская правда» газетінде шыққан қорытынды бойынша жүлделі орындардың жалпы саны – 18, 2015 жылмен салыстырғанда жүлделі орындар саны 7 жүлделі орынға көбейді (2015 жылы 11 жүлделі орын). ЖОО-ның мамандарды дайындау бағыттары рейтингісі бойынша университет «Технологиялық ғылымдар мен технологиялар» бағыты – 10 орын, «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» бағыты – 3 орын, «Ветеринария» бағыты – 3 орын. 2016 ж. мамандарды дайындау бағыттарының қорытындысы бойынша 2015 ж. нәтижелермен салыстырғанда еш өзгеріссіз қалды.

-   2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi (БСҚА) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен оқу бағдарламаларының рейтингісін өткізді. Бұл рейтингте Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Қазақстан Республикасының үздік техникалық университеттері ұлттық рейтінгісінде онышы орынды иеленді.Сондай-ақ, Қазақстандық ЖОО-ның веб-сайты рейтингісі-2016 өткізіліп, Қазақстан Республикасының 52 ЖОО арасында біздің университетіміз 17 орынға ие болды. Бұл критерияның индикаторы келесі бөлімдерді қамтиды: сайтқа ақпараттық толықтырылу, веб-парақшалар саны, құжаттар саны, сайттың жаңартылуы, сайтқа жасалған сілтемелер саны, қолдану ыңғайлығы және дизайны, ақпараттарды үш тілде ұсыну: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

- Осы жылы университетіміз жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингісіне қатысты (ARES-2016). Еуропалық ғылыми - өндірістік палата сайтында жарияланған нәтижеде ҚР 95 ЖОО-ның арасынан 20 орынды иеленді (ВВ+ санаты).

Университеттің басты мақтанышы – бұл оның түлектері. Батыс Қазақстанның төрт облысының экономикасы үшін өткен 50 жыл ішінде 37 мыңнан астам маман даярланған екен. Олардың қатарында Ақтөбе қаласының бұрынғы әкімі Елеусін Сағындықов, Социалистік Еңбек Ері Карипулла Абдушев, ҚР Парламентінің бұрынғы депутаты Қайрат Шалабаев, Валериян Землянов, Владимир Асанов, Президент Әкімшілігі және ҚР Үкімет Кеңсесінің жұмысшылары Сағыр Кенесарин, Серік Егізбаев, Болат Аманбаев, Мұхтар Туркеев, облыс әкімінің орынбасарлары Дюсембаев Г.И., Салыков Е.Г., Орал қаласының бұрынғы әкімі Шакимов Б.Ә., аудан әкімдері Хайретдинов Л.Р., Оңғарбеков М.К., Давлетжанов А.М., Сартаев Е.А., Ботагарин С.К., Жұмабаев Б., Әмірғалиев А.А., Сисатов Р., Сунешов З.Н. және т.б., мемлекеттік мекемелер мен жеке фирма басшылары Чудров Я.К., Графкин В.Н., Борса А.И., Хамитов А.Ш., Айдаров К.К., Аманғалиев А.Т., Жұмағалиев Е.М., Выдрин С.В., Карменов Р.К., Исмагулов В.Д., Наугольнов А.П., Исмагулова Б.Т., Имашев К.Е., Зайнуллин М.Г., Батырханов А.Т., Избанов М.К., Сатпаев А.Б., Хамзин А.Ж., Салиева А.У., Голоухов В.И., Суербаев Г.Р., Едгин К.Х., Джубаев Г.А., Сапаргалиев Р.К., Жәкібаев М.О., Горобцов А.Ю., Нұғманов А.Б., Иманғалиев Н.К., Сапаров Т.С., Тұрсынов С.И., Таушов Н.Б., Ажғалиев А.К., Серікбаев Е.Е., Қазтуғанов Т.М., Ескендіров Т.К., Хамзин К., Наурызғалиев К.М., Бүркітбаев К., Тухватуллин Р.А., Кальницкий В.Н., Төлегенов К., Әжибаев Е., Абдрахманов Е.Г., Баталов О.К., Савран А.Ф., Бекназаров К.К., Мерғалиев С.Р., Нұрғазиев Е., Абдуғазиев Р.С., Чемоданов А.Ф. және т.б.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда аймақтағы өндіріс саласының барлық деңгейлеріндегі, мемлекеттік мекемелер мен жеке фирмалардағы басшылар мен мамандар біздің жоғары оқу орнының түлектері болып келеді. Түлектердің ішінен ғылым докторы атанғандар: Құдайбергенов Г.К., Габдеев К.Н., Бозымов К.К., Траисов Б.Б. Молдашев Г.К., Ранделин А.В., Акчурин Т., Вьюрков В.В., Кусаинов Х.Х., Кучеров В.С., Буянкин В.И., Жұбатырова С.С., Айталиев Е.С., Ахметов С.М., Гұмаров Ғ.С., Насамбаев Е.Г., Губашев Н.М., Кушен Б.М., Аханов Б., Габдуалиева Р.С., Насиев Б.Н., Нуралин Б.Н., Мұқанов Н., Абуова А.Б., Есенғалиев К.Г. және тағы басқалары, түлектердің 300-ден астамы кандидаттық диссертация қорғады.

Вы здесь: Главная БҚАТУ туралы БҚАТУ тарихы
Вы здесь: Главная БҚАТУ туралы БҚАТУ тарихы