Жүйелі түрде біліктілікті арттыру - табысқа жетудің кілті

2017 жылдың 6-7 қарашасында «Мұнай-газ ісі» және «Химия және химиялық технологиялар» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамына бейіндік пән бойынша «Мұнай өндірісінің жабдықтарын пайдалануды жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбында университет ректоратының ықпалдасуымен Үздіксіз білім беру және рейтинг бөлімінің ұйымдастыруымен көшпелі біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Біліктілікті арттыру курсын Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінің «Құбыр жүйелерінің гидрогазодинамикасы және гидромашина» кафедрасының доценті, жоғары-кәсіби инженер-механик- Бикинеев Валерий Анатольевич; аға оқытушысы, жоғары-кәсіби инженер-механик - Токарев Артем Павлович жүргізді.

Курстың негізгі мақсаты - оқытушылардың бейіндік пән бойынша кәсіби тұрғыда біліктіліктерін жетілдіру. Дәріс үлкен қызығушылықпен қабылданды. 

Курс аяқталғаннан кейін бекітілген үлгідегі РФ Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінен біліктілікті арттыру туралы куәлік табысталды.

 

                                                         Үздіксіз білім беру және рейтинг бөлімі

6

78

Вы здесь: Главная Магистрантам Жүйелі түрде біліктілікті арттыру - табысқа жетудің кілті
Вы здесь: Главная Магистрантам Жүйелі түрде біліктілікті арттыру - табысқа жетудің кілті