zhangir-khan1

«Замандасқа айтарым бар» шығармашылық байқауының жеңімпаздары

Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2017 жылдың қыркүйек - қазан аралығында «Замандасқа айтарым бар» шығармашылық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты – қоғамдық санада зайырлық принціптерін нығайту, қоғамдық мәселелерді оңтайлы шешуде азаматтардың пікірін ескеру, қалам тартып, жазуға аса қабілетті облыс тұрғындарының, соның ішінде жастардың дәстүрлі емес діни ағым жолына түсіп кеткен замандастарына, олардың жанұялары мен ата-аналарына, барша қауымға ой тастау болып табылады. Конкурсқа 18-40 жас аралығындағы жекелеген авторлар қатысты.

Осы конкурсқа Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дан «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен бірнеше студенттеріміз қатысты. Нәтижесінде университетіміздің студенттері «Үздік мақала», «Үздік эссе», «Үздік өлең», «Үздік көркем шығарма» номинациялары бойынша   жүлделі орындарға ие болып, салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Олар: 1) «Үздік мақала» аталымы бойынша II орын алған ТМО-33 тобының студенті Б.Жалелов (жетекшісі аға оқытушы Г.М. Хайруллина); 2) «Үздік эссе» аталымы бойынша I орын алған СС-21 тобының студенті Г.Әзидолла (жетекшісі аға оқытушы Г.С. Саркулова); 3) «Үздік өлең» аталымы бойынша ІІІ орын алған ПС-31 тобының студенті Н.Т. Төлеген (жетекшісі аға оқытушы Г.Ж. Балжанова), «Үздік өлең» аталымы бойынша ыңталандыру сыйлығына ие болған ТППЖ-31 тобының студенті Д. Шәмірбек (жетекшісі аға оқытушы Ш.С. Аймукашева).

35

36

Вы здесь: Главная Магистрантам «Замандасқа айтарым бар» шығармашылық байқауының жеңімпаздары
Вы здесь: Главная Магистрантам «Замандасқа айтарым бар» шығармашылық байқауының жеңімпаздары