zhangir-khan1

Ата заңға құрмет – рухани жаңғыруымыздың кепілі

28-тамызда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Ата заңға құрмет – рухани жаңғыруымыздың кепілі!» атты тақырыпта конференция өтті.

Мәні зор шараға Орал қалалық Ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары Кушеков Ербол Насиболлаұлы, университеттің Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Сұлтанов Ақылбек Ұзақбайұлы және профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер және білім алушылар қатысты.

Конференция барысында «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының аға оқытушылары Г.Ж.Балжанова мен Ш.С.Аймукашева өз баяндамаларында көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жатқаны, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық, жастарымыздың ертеңгі күнге зор сеніммен қарауы – осының бәрі Ата Заңымыздың қалтқысыз қызмет етуінің жемісі деп санайтындықтарын жеткізді.

30zan

Вы здесь: Главная Магистрантам Ата заңға құрмет – рухани жаңғыруымыздың кепілі
Вы здесь: Главная Магистрантам Ата заңға құрмет – рухани жаңғыруымыздың кепілі