zhangir-khan1

«ЭКСПО-ны» қолдаған велошеру

Жексенбі, яғни 1 шілде күні Орал қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Астана күні мерекесіне орай велошеру ұйымдастырылды. Велошеруге барлығы 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғимаратынан бастау алған шеру П.Атоян атындағы стадион алдында мәреге жетті. Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары да жерлестерімізбен бірге 7 шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті.

Шара барысында велошерушілер арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Жүлдеге ие болған бес адамның əрқайсысына ЭКСПО көрмесіне 2 билет, спорттық киімдер жəне «Жайық самалы» жүзу бассейніне тегін жолдама берілді.

velo sheru

Вы здесь: Главная Магистрантам «ЭКСПО-ны» қолдаған велошеру
Вы здесь: Главная Магистрантам «ЭКСПО-ны» қолдаған велошеру