zhangir-khan1

Әскери кафедра курсанттары ант қабылдады

acker260617

Биыл 128 студент Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы Әскери кафедраны ойдағыдай аяқтады. Әскери дайындықтың толық курсынан өткен курсанттар 25 маусым күні салтанатты жағдайда әскери ант қабылдады. Мерекелік шараға университет ректораты мен ата-аналар қатысты.

Әскери кафедраның бастығы, полковник Б.Қ. Мұхамбетқалиев бұл шараның әрбір ант қабылдаушы студент үшін маңызды екеніне тоқталып өтті:

- Сіздерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейтойымен қатар келіп отырған ант қабылдау салтанатымен құттықтаймын! Ер-азамат үшін өз еліңді, Отаныңды, ата-анаң мен бауырларыңды қорғаудан артық бақыт жоқ. Осы сәттен бастап Сіздерге Отан қорғаушылар ретінде зор жауапкершілік жүктеледі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарын толықтырып, офицер атағын үлкен абыроймен алып жүретін Сіздер сияқты студенттерімізбен мақтанамыз, - деді Бақытжан Құтыбайұлы.

Университет ректораты атынан құттықтаған Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор А.Ұ. Сұлтанов, Аймақтық қорғаныс бойынша БҚО әкімі аппаратының жетекшісі, Аймақтық қорғаныс бригадасының штаб бастығы, сала ардагері, полковник И.С. Үсенов студенттерге әскери кафедрада алған білімдеріңді тек бейбіт мақсатта пайдаланыңдар деген тілектерін арнады.

Білім ордасы мен әскери кафедраға курсанттардың ризашылығын жеткізген үшінші взвод бірінші рота курсанты Альфия Шораева офицер деген мәртебелі атқа лайық болуға және үздіктер қатарынан табылуға уәде етті.  

Ата-аналар атынан сөз алған Рашид Бақытов пен Айман Хангереевалар жоғары білім туралы дипломмен қатар әскери билетті де алып шығу мүмкіндігін сыйлаған университет ректораты мен әскери кафедра ұжымына алғыс айтты.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы Әскери кафедра алғаш рет 1965 жылы құрылған болатын. Оқу мерзімі – екі жыл. Кафедра түлектері «Доғарыстағы лейтенант» әскери шенін алып шығады.

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Магистрантам Әскери кафедра курсанттары ант қабылдады
Вы здесь: Главная Магистрантам Әскери кафедра курсанттары ант қабылдады