zhangir-khan1

Бақытжан Сағынтаев Ақжайық студенттерімен жастардың өзекті мәселелерін талқылады

primer300316-1

29 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен кездесті.

Өңірдің жетекші жоғарғы оқу орнын аралау барысында, Бақытжан Сағынтаевты университеттің ғылыми жобаларымен таныстырды, оқыту үдерісіне жаңа білім беру әдістемелерін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Айта кету керек, Университеттің негізі 1963 жылы қаланған және бүгінгі таңда мұнда АӨК саласының болашақ 4,5 мыңнан астам маманы білім алуда.

Студенттермен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді, оның ішінде нашақорлықпен және маскүнемдікпен күрес, ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы аясындағы еліміздің дамуы мен келешегі, бәсекеге қабілеттілік пен үштілділіктің маңызы, сонымен қатар интернет пен әлеуметтік желілердің әсері жөніндегі мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысын шығара отырып, Бақытжан Сағынтаев білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлеріне, облыс әкіміне көтерілген мәселелердің барлығын бақылауға алуға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

www.primeminister.kz

primer300316-2primer300316-3

primer300316-4primer300316-5

Вы здесь: Главная Магистрантам Бақытжан Сағынтаев Ақжайық студенттерімен жастардың өзекті мәселелерін талқылады
Вы здесь: Главная Магистрантам Бақытжан Сағынтаев Ақжайық студенттерімен жастардың өзекті мәселелерін талқылады