zhangir-khan1

Бақытжан Сағынтаев БҚО жұртшылығымен «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен ҚР Президенті Жолдауының орындалу барысын талқылады

prim290317-1

29 наурыз күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аталған әлеуметтік жаңғыртудың басым бағыттары мен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру жайын талқылаған жиын өткізді. Жиын барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, Даму және инвестициялар министрі Ж. Қасымбеков сөз алып, білім беру мен денсаулық сақтаудың заманауи жүйелерін құру барысы, сонымен қатар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады. Кеңесте Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің,сонымен қатарАтырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары әкімдері орынбасарларының «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу барысы туралы есептері тыңдалды.

Аталған бағдарламаны іске асыру үшін облысқа 11 млрд теңге қаржы қарастырылған. Оның 9 млрд теңгесі тұрғын үй құрылысына, қалғаны инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға бағытталады. Нәтижесінде 1585 отбасы жаңа қонысқа ие болады. Облыс әкімі А.С. Көлгіновтің айтуынша, өңірде 280 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу көзделген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3,5 пайызға артық көрсеткіш. Бағдарлама аясында Орал қаласында 8 көпқабатты үй, Ақсай қаласында 1 көпқабатты үй және он екі ауданның сегізінде 178 тұрғын пайдалануға берілмек. Облыс орталығында тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға инженерлік желілер тартылған соң жер телімдері беріле бастайды.

Өңір жұртшылығының көкейіндегі сан сауалға жауап табылған кездесуде «Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова, «Болашақ-Т» ҮҚК ЖШС жетекшісі Б. Сахаров, БҚО Жәнібек ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы Б. Әліпқалиев, «Ақас агрофирмасы» ЖШС басшысы Қ. Ашығалиев және Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы С. Закария сөз сөйледі. Шалғай аудандардағы жол мәселесі, таза ауыз су, халықтың денсаулығын жақсарту, әлеуметтік жағдайын арттыру және кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері де назардан тыс қалмады.

«Халықпен ақылдаса отырып, Елбасы тапсырмаларын орындай білуіміз қажет. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысына негізінен әлеуметтік салаға қатысты министрлер келді. Инвестиция тартып, экономиканы нығайтумен бірге халықтың денсаулығын, білімін, әлеуметтік жағдайын ұмытпауымыз керек. Біз бүгін Батыс Қазақстан облысында Елбасы тапсырмаларына сәйкес көз қуантып, жүректі жылытатын істердің атқарылып жатқанын көрдік. Кәсіпкерлермен бір сағаттан астам уақыт бойы пікірлесіп, көптеген қордаланған мәселелердің бар екендігін айқын сезіндік. Мұның бәрін Астанаға барғаннан кейін бір жүйеге келтіріп, жұмыстанатын боламыз. Соның ішінде тез арада шешілуі тиіс мәселелерге баса назар аудармақшымыз. Мұның бәрі де халықтың қамы үшін» деді жиынды қорытындылаған Бақытжан Сағынтаев.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға жиында көтерілген мәселелердің барлығын бақылауға алуды тапсырды.

prim290317-2

www.primeminister.kz

Вы здесь: Главная Магистрантам Бақытжан Сағынтаев БҚО жұртшылығымен «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен ҚР Президенті Жолдауының орындалу барысын талқылады
Вы здесь: Главная Магистрантам Бақытжан Сағынтаев БҚО жұртшылығымен «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен ҚР Президенті Жолдауының орындалу барысын талқылады