zhangir-khan1

Академиялық тәжірибе

nurg17-1

Мен, Нургалиев Арсен – Батыс Қазақстан аграрлық –техникалық университеті, 6М073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігің қауіпсіздігі» мамандығының магистранты халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша Польшадағы Лодзи университетіне білім алуға жіберілдім.

Жетілген өмірлік тәжірибемен бөлісуге қуаныштымын. Менің Лодзи университетінде негізгі пәндерім, қоршаған ортаны қорғау және биология ғылымдарымен тығыз байланысты болды. Тәжірибелі ғылым докторларының басшылығымен өткізілген дәрістер мен зертханалық жұмыстардан көп білім алдым. Ондағы білім жүйесіндегі интернет пен электрондық почтасы әсерінен оқытушы – студент қатынасы сәл өзге.

Факультет ғылым докторлары басқаратын үздік зерттеу технологияларымен қамтамасыз етілген. Ғылым докторлары дүние жүзіндегі және ЕО басты мәселелерді талқылап, конференциялар өткізеді. Сонымен қатар, студенттердің мәдени дамуын арттыратын халықаралық және отандық мерекелік шараларды өткізетін университеттік қоғамдар бар. Оларға – кештер, театрлық қойылымдар мен музыкалық үйірмелер, спорттық ойындар және халықаралық кешкі астар жатады. Бұл жерді, ғылыммен және біліммен тығыз қарым – қатынастағы жаңа достарымды кездестірдім. Берілген мүмкіндікте, халықаралық жолдастардың достықпен, жақсылықпен бөлісіп, олармен өзімнің түсінігім мен менталитетіммен бөлісуге шақырамын.

nurg17-2nurg17-3

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Магистрантам Академиялық тәжірибе
Вы здесь: Главная Магистрантам Академиялық тәжірибе