Археологтармен кездесу

tashai-1

Кафедраның тәрбиелік іс-шараларының басым бағыты патриоттық тәрбие беру болғандықтан, облыстық Тарих және археология орталығының ғылыми қызметкерлерімен тұрақты байланыс орнатылған. 16-наурызда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен барлық факультеттің 1-2 курс білім алушылары үшін облыстық Тарих және археология орталығының ғылыми қызметкерлері: Н.М. Тукешева, Қ.Қ. Ташаймен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында білім алушылар Батыс Қазақстан облысының мәдени-тарихи ескерткіштері және археологиялық қазбалар туралы тың мәліметтермен танысты. Сонымен қатар Сырым Датұлы бастаған көтерілісінің 220-жылдығына орай Сырым-батырдың жерленген жерінің іздестіру жұмысының қолға алынғандығы туралы айтылды. Батыс-Қазақстан ғалымдары мен өлкетанушылары көптеген деректермен С.Датұлының жерлеген жері Үргеніш қаласында орналасқандығын дәлелдеді. Сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуде білім алушылар «Жайық қалашығы» және «Алтын Ханшайым» туралы сауалдарына мазмұнды жауап алды. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау баршамыздың міндетіміз десек, патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған мұндай шаралардың жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда атқаратын рөлі зор болып табылады.

tashai-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Археологтармен кездесу
Вы здесь: Главная Магистрантам Археологтармен кездесу