zhangir-khan1

Тәуелсіздік тартуы

Биылғы мерейлі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мыңдаған жерлесіміз марапатталды. Олардың арасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары мен идеяларын дәріптеуге және Тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосып жүрген Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары мен оқытушылары да бар. 

marapat16-1Салтанатты жиында университеттің басқарма төрағасы-ректор Н.Х. Серғалиев ұжымды мейраммен құттықтап, оның маңыздылығын ерекше атап өтті: «Биыл Тәуелсіздіктің 25-ші жылына қадам басқан Қазақ елі қарапайым тілмен айтқанда бойы да, ойы да толысқан, болашаққа мол сеніммен қарайтын нағыз ер-азаматтың жасына келді. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды».

Ел экономикасының ауыл шаруашылық және өнеркәсіп салаларына қажетті бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды әрі ең жауапты кезеңдерді абыроймен жүріп өтіп, тұғырлы мерекеге толайым табыстармен жетіп отыр.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасымен Инженерлік бейімдегі биотехнология зерханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, доцент Ғ.Ғ. Абсатиров, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор В.В. Вьюрков марапатталды. Ғайса Ғарапұлына сондай-ақ БҚО Ішкі істер департаментінің алғыс хаты табысталды.

marapat16-2Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Е.Ғ. Насамбаев, техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ш. Даулетияров, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі А.М. Мукаева, көптілді білім беру бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Б. Умбеталина марапатталды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Г. Есенғалиев пен агрономия факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.С. Тлеповке Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасы табысталды.

Бұдан өзге бір топ әріптесімізге Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С. Көлгіновтің және Орал қаласының әкімі Н.Т. Төреғалиевтің алғыс хаттары, сонымен қатар университет ректоры Н.Х. Серғалиевтің атынан Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табысталды. Тәуелсіздікпен қатар дүние есігін ашып, елімізбен бірге 25 жылдық мерейтойын атап өткен білім ордасының жас мамандары - тәуелсіздік құрдастарына құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

marapat16-3marapat16-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Тәуелсіздік тартуы
Вы здесь: Главная Магистрантам Тәуелсіздік тартуы