zhangir-khan1

Мерейтой иесін құттықтады

braun16-1

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің агрономия факультетінде 1978 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп, бүкіл саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнап келе жатқан құрметті ұстаз, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Э.Э. Браун мерейлі 80 жасқа толды.

Атаулы датаға орай, университетте Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, оның жұмысына облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, белгілі ғалымдар, мерейтой иесінің шәкірттері, әріптестері мен достары қатысты.

Э.Э. Браунның білім, ғылым саласындағы жарқын жетістіктерін паш ету, 40 жылдық ғылыми-педагогикалық еңбегін, терең білімін зерделі жастар үшін үлгі-өнеге ету мақсатында өткен салтанатты жиынды университет ректоры Н.Х. Серғалиев ашты. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген туған күнімен құттықтады. Университет ұжымы атынан гүл шоғын ұсынып, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар Нұрлан Хабиболлаұлы Э.Э. Браунға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

braun16-3Бұдан кейін сөз алған агрономия факультетінің деканы А.С.Тлепов жиналғандарды ғалымның өмірбаянымен таныстырып, білім-ғылым саласына сіңірген еңбегі туралы әңгімелеп берді.

«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» деп ұлтымыздың біртуар перзенті, қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, Э.Э. Браун - ұлы қызметтің жолында шынайы берілген, оны жанымен ұғынған жанның бірі. Агрономия саласы бойынша сапалы кадр дайындауда, тиісті оқулықтар жазуда көп еңбек сіңірген ғалым-ұстаз 14 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарған. Оның «Зональные системы земледелия Уральской области», «Ранний картофель», «Травы – приправы», «Календарь садовода», «Календарь овощевода», «Приусадебное плодоводство», «Приусадебное овощеводство», «Полимерные пленки в картофелеводстве» тақырыбындағы оқулықтарының болашақ агрономдарға көп көмек беретіні сөзсіз.

Ғылыми кеңес барысында сөз алған ғалымның шәкірттері Орал мұнай, газ және салалалық технологиялар колледжінің директоры С.Х. Мұхамбетқалиев, БҚО мемлекеттік дән инспекциясының бөлім бастығы Е.Қ. Қоблан, М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті С.Г. Чекалин, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Д.М. Умашев және Орал ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының ғылыми қызметкері И.Л. Диденко ұстаз-ғалымның өмірі мен қызметін тілге тиек етіп, еңбегіне жоғары баға беріп, сый-сыяпаттарын жасады.

braun16-2

braun16-4

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Магистрантам Мерейтой иесін құттықтады
Вы здесь: Главная Магистрантам Мерейтой иесін құттықтады