zhangir-khan1

Жеңіс тұғырында БҚАТУ

«Жас Отан» Жастар қанатының «Олимп шыңын бағындыр» жобасы аясында студенттер мен жастар арасында «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы аумағында шаңғы жарысы ұйымдастырылды.

Басты мақсат Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан отандастарымызды қолдау және бұқаралық спорттың дамуына үлес қосу.

Жарысқа 80-ге жуық жас қатысты. Жекелей сында ерлер арасында Сансызбаев Еламан жеңімпаз атанса, қыздар арасында экономика және бизнес факультетінің 2-курс студенті Иргусаева Наргиза өзгелерден озық шықты. Сондай-ақ жоғары және арнаулы оқу орындарының құрамалары арасындағы эстафеталық жарыста Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрама командасы жеңіске жетті. Жүлделі орынға ие болған жастар мен құрамаларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

45

 

«Ректор кубогы» сарапқа салынған жарыс

2018 жылғы 16 ақпанда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың спорт залында университеттің 55 жылдық мерейтойы аясында «Сұңқар» спортклубы мен тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен ЖОО және АОО профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректорының кубогы» үшін волейбол ойынынан облыстық турнирі өтті.

Шараның басты мақсаты –салауатты өмір сүру салтын насихаттау, профессор – оқытушылар және қызметкерлердің спорттық шеберліктерін арттыру, оқу-жаттығу жұмыстарының сапасын жоғарылату, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарында спорттық дәстүрлерді дамыту, волейбол ойынын кеңінен таныту болып табылады.

Турнир қонақтары қатарында БҚО Волейбол федерациясының атқарушы директоры Оралтан Самарқанов, БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің бас маманы Әзілхан Сағатов бар.

Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Руслан Қуанов турнир ережелерімен таныстырып, шалғай аудандардан келген командаларға алғысын білдірді.

38 38

39 38

Турнир барысында сөз алған Оралтан Самарқанов:

- Қазақ халқында «Баласы атқа шапса, анасы үйінде тұрып тақымын қысады» деген жақсы сөз бар. Ұстаздардың атқа шабатын кезінде шәкірттері тақымдарын қысатын күн болып отыр бүгін. Арғымақтарың аламаннан орын алсын, жорғаларың жеңіс тұғырынан көрінсін! Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! – дей келе БҚО Волейбол федерациясының атынан волейболдың танылуына және насихатталуына үлес қосып жатқан университет ұжымына ризашылығын жеткізді.

Аталған турнирге қатысқан 8 команда, олар Бөрлі колледжі, Тасқала колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, ҚазИИТУ, БҚАТУ-1, БҚАТУ-2, Орал «Білім-инновация» лицейі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен құралған құрама командалар өте шебер ойын көрсетті.

Турнир қорытындысында турнир жеңімпазы және «Ректор кубогының» 2018 жылғы иегері БҚАТУ-1құрама командасы атанса, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі екінші орынды, ал Бөрлі колледжі үшінші орынды иеленді.

Сондай-ақ Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ойыншысы Б.Қайырғалиев «Үздік шабуылшы» атанса, «Үздік тосқауылшы» атауын БҚАТУ-2 командасынан Т.Баянтасов иеленді, ал Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің ойыншысы Б.Жүсіпқалиев «Үздік байланыстырушы» номинациясына ие болса, БҚАТУ-1 командасының ойыншысы Д.Бакишев «Үздік ойыншы» атанды.

Ойыншылар салауатты өмір салтын ұстануды қолдайтынын және спортты шын сүйетіндерін көрсетті.

37 38

39 37

 

 

Қысқы ойындар спартакиадасы

2018 жылғы 10 ақпанда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Нива» спорттық-сауықтыру кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ХХІІІ қысқы олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары арасында «Денсаулық-2018» қысқы ойындар спартакиадасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты –салауатты өмір сүру салтын насихаттау, білім алушылардың спорттық шеберліктерін арттыру және қалалық, облыстық, республикалық    жарыстарға үздіктерді іріктеу және бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

18

19

20

Тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлім мен «Сұңқар» спортклубының ұйымдастыруымен өткен шараға университет басқармасы, университет білім алушылары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен жастар қоғамдық бірлестіктерінен құралған 6 команда қатысты.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов қатысушыларды спартакиаданың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Ақылбек Ұзақбайұлы жарыстың жоғары оқу орындарында спорттық дәстүрлерді дамыту мен спорттың қысқы түрлерін таныту мақсатында ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.

21

22

23

Спартакиада барысында студенттер шаңғы тебу эстафетасы мен арқан тартысы бойынша бақтарын сынады. Шаңғы тебу эстафетасынан машина жасау факультетінің құрамасы бірінші орынға иеленсе, арқан тартысы бойынша бас жүлде №2 жатақхана құрама командасының еншісіне бұйырды.

Аталмыш шарадан мол әсер алған студенттер жоғары деңгейде ұйымдастырылған спартакиадаға мұрындық болған университет ректоратына алғыстарын білдірді.

Студенттікөзін-өзі басқару ұйымдары арасында «Денсаулық-2018» қысқы ойындар спартакиадасы университетте тұңғыш рет ұйымдастырылды және алдағы уақытта аталмыш шараны дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарда бар.

24

25

26

 

"Қалың қалай, студент?"

9 ақпан күні «Орал» студенттері Альянсы» корпоративтік қоры студенттік жатақханалар және тамақтану пункттерінің жұмыс деңгейін, санитарлық нормаларын зерттеу мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасындағы жатақханалар және тамақтану пунктілерінде мониторинг жүргізді.

Құрамында Ішкі істер департаменті, БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, БҚО жастар ресурстық орталығы, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері жатақхана бөлмелерінде болып, асханалар мен тамақ әзірлейтін орындарды аралады.

- Қазақстан студенттерінің республикалық қоғамдық қозғалысы 2005 жылдан бастап "Қалың қалай, студент?" мониторингін жүргізіп келеді. Мониторинг мақсаты студенттік жатақханалар мен асханалар жұмыстарын зерттеу. Екі күн ішінде біз Орал қаласының екі жоғары оқу орнының 6 жатақханасын тексердік. Әзірше ескертулер жоқ, - деді «Орал» студенттері Альянсы» корпоративтік қорының төрағасы Еркебұлан Орынбасаров.

11 12

13 14

Ұйымдастырушылардың айтуынша мониторинг 26 ақпанда аяқталып, 27 ақпан күні аталмыш тексерістің қорытындылары белгілі болады. Жатақханаларда тұратын студенттер арасында жүргізілетін анонимді сауалнама жолымен алынған мәліметтер талдау барысында есепке алынады.

Ескерте кетейік, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жалпы сыйымдылығы 2640 орынды құрайтын үш жатақхана мен студенттер үйі бар.

15

16

17

 

Вы здесь: Главная Магистрантам
Вы здесь: Главная Магистрантам