zhangir-khan1

«Ғылым және білім» ғылыми-практикалық жорналы

«Ғылым және білім» ғылыми-практикалық жорнал – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің мерзімді басылымы.

Жорнал ҚР Мәдениет,  ақпарат және спорт министрлігінде есепке алынған -15.06.2005 ж. № 6132-Ж  және Халықаралық әлемдік мерзімді баспасөз орталығында тіркелген - ISSN – 2305-9397.

Басылым әр тоқсан сайын шығады, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде  жарияланады. Жорналға «Қазпошта» АҚ-ң газеттер мен жорналдар каталогы бойынша жазылуға болады(индекс 76316) және мақалалардың авторларына тікелей адрес бойынша таратылады.

Жорналдың негізгі тақырыптық бағыты – ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік мақалаларды жариялау. Журналда негізгі секциялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың және олардың өндіріске енгізіу нәтижелері жарияланады: ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия, зоотехния, орман шаруашылығы), ветеринарлық ғылымдар, техникалық, экономикалық, жаратылыстану (жер туралы, физика-математикалық, химиялық, биологиялық, экологиялық ғылымдар), гуманитарлық ғылымдар (тарихи, философиялық, әлеуметтік, заңгерлік, педагогикалық).

Жорналды шығару мақсаттары:

- біріншіден, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің және басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің ғалымдарына, магистранттары мен докторанттарына өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беру;

- екіншіден, біздің авторларымыз отандық және шет елдердің ғалымдары мен оқытушылары, магистранттар, докторанттар мен ізденушілері болған соң, әр аймақтар мен мемлекеттердің зерттеушілері арасында  пікір алмасуды орнату;

- үшіншіден, ақпараттық ғылыми пікір алмасуды кеңейту, мақалалардан үзінді алу, нәтижесінде авторлардың ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру мақсатындарецензияланған электрондық ғылыми басылымға ашық кіруге мүмкіндік беру.

Мақаласын «Ғылым және білім» жорналында жариялауға берген автор өз еңбегінің ашық кіруге болатын журнал сайтында орналастырылуына және міндетті түрде таратылатын тұлғаларға жіберілетіне келісімін береді.

"Ғылым және білім" ғылыми-практикалық жорналының міндеті - ГОСТ 7.5-98 «Жорналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа рәсімдеуі»негізгі басылымдық стандарттарға және Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне ену талаптарына сәйкес жорналбасып шығару.

Барлық мақалалар міндетті түрде сыртқы және ішкі рецензиялаудан өтеді. Басылымға ғылыми және ақпараттық жаңалығы, практикалық өзектілігі және қажеттілігі бар материалдар қабылданады; олар бұрын жарияланбаған және ереже бойынша рәсімделген болу керек.

Мақаланы жариялау немесе қабылдамау туралы шешімді редақциялық алқа береді.

Мақалада келтірілген ғылыми деректер дұрыстығына автор немесе авторлар толық жауапты.

Байланысу телефондары: 

Редакциялық-баспа бөлімінің жетекшісі

Лауберт Людмила Александровна – 8 /7112/ 51-61-30

Редактор

Кублашева Жанна Сатыбалдиевна – 8 /7112/ 50-21-15

Вы здесь: Главная Ғылым БҚАТУ-дың ғылыми басылымдары
Вы здесь: Главная Ғылым БҚАТУ-дың ғылыми басылымдары