zhangir-khan1

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының білімгерлері мен оқытушылары қоғамдастығы, жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты: мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып және бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайтуды өзінің парызы деп санап, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары білімгерлерінің және оқытушыларының Ар Кодексін қабылдайды және оған сөзсіз бағынуды өз міндеттеріне алады

ОҚЫТУШЫНЫҢ АР КОДЕКСІ

Оқытушылық қызметтің басты бағыты - білімгерлермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу

Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытуы қажет.

Оқытушы – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.

Оқытушы өз іс-әрекетімен білімгерлерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.

Оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындары оқытушыларының Ар Кодексі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халқы мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі.

Біз, оқытушы мен білімгерлердің Ар Кодексімен жүруге және берілген міндеттемелерді іске асыруды өз жауапкершілігімізге аламыз.

Біз, өзіміздің жоғарғы оқу орындарымыздың өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысамыз.

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Оқытушының ар кодексі
Вы здесь: Главная Оқытушының ар кодексі