zhangir-khan1

Тәлімгерлерге

Эдвайзер білім алушылардың академиялық мүдделерін білдіреді және оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, оларды білім алушыларға ұсынады және білім алушыға жеке оқу жоспарын құрастыруға және түзеуге ықпал етеді.

Эдвайзердің білім алушылардың жеке оқу жоспарына енген арнайы пәндер саласындағы қажетті ғылыми ой-өрісі болуы, корпоративті және кәсіби этика ережелерін басшылыққа ала отырып, ПОҚ және білім алушылармен қарым-қатынаста болуы, өз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауы тиіс.

Эдвайзер білім алушының барлық оқу мерзімі аралығында ұйымдастырушылық-әдістемелік, тәрбиелік және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Эдвайзердің іс-қызметі оқуға деген адал ниетті қалыптастыруға, ішкі тәртіп ережесін сақтауға, білім алушыларды қоғамдық жұмыстарға тартуға, топ ішінде психологиялық комфорт жағдайын жасауға ықпал етуге бағытталуы керек.

Эдвайзер білім алушыларға жеке білім алу траекториясын қалыптастыруға және білім алу бағдарламасын игеруге көмектеседі.

Эдвайзер өзіне тапсырылған топтың студенттік өмірін басқаруға көмектесуге бағытталған ұйымдастырушылық-тәрбие жұмыстарын (мәдени-көпшілік және спорттық шаралар) жүргізеді. Бұл қызметте эдвайзер студенттік топтың бастамашылдығын дамытуға ықпал ете отырып, топ белсенділеріне сүйенеді.

Эдвайзер білім алушыларға сонымен қатар болашақ мансаптары туралы мәселелерді шешуге, ғылыми зерттеулерінің бағыттарын анықтауға, ғылыми жетекшіні, бітірушінің біліктілік жұмысының тақырыбын таңдауда, кәсіби практика базасын анықтауға көмектесуі мүмкін.

Эдвайзер өз іс-қызметін жүзеге асыру үшін деканатта, тіркеу бөлімінде бар барлық қажетті мәліметтерді пайдалануына болады. Білім алушылардың үлгерімдері мәселесі бойынша оқытушыларға қатынасуға және олардың ата-аналарымен немесе туысқандарымен байланыс орната алады. Эдвайзер білім алушылардан ішкі тәртіп ережесін сақтауын талап ету керек.

Әрқашан білім алушылардың академиялық статусы мен үлгерімі мәселелерін қарастыру бойынша комиссия (кеңес) жұмысына қатысуы және тұтастай топқа да, жекелеген білім алушыларға да қатысты барлық мәселелерді талқылауға қатысуы тиіс. Эдвайзер оқу және оқудан тыс жұмыстарды, жатақханада тұру жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуіне; білім алушыларды марапаттауға, жатақханаға орналастыруға немесе шығаруға ұсынуына болады.

Эдвайзерден білім беру траекториясын қалыптастыруда және білім беру бағдарламасын игеруде білім алушыларға көмектесу мақсатында функционалдық міндеттемелермен және әрекет етуші нормативті-инструктивті құжаттармен белгіленген кеңес берушілік іс-қызмет мәселелері бойынша өзіне бекітілген білім алушылармен ұжымдық және жеке кездесулер қарастырылған жұмыс жоспарын жасау талап етіледі. Тіркеу мерзімі кезінде және оқу үрдісі уақытында эдвайзер бекітілген білім алушыларға кеңес береді және өзіне бекітілген білім алушылардың үлгерімдерін қадағалайды, өз факультетінің тіркеу бөлімінің инспекторларымен байланыс орната отырып жұмыс істейді. Білім алушылардың академиялық үлгерімдерін жақсарту мақсатында жүргізілетін барлық шараларға қатысады. Сонымен қатар мамандық бойынша оқу жоспарының талаптарына бейімделе отырып оқуды барынша өз бетінше жүргізу үшін жағдай жасайды.

Эдвайзер білім алушыларға әр оқу жылының әрбір семестріне білім беру траекториясын жоспарлауда; пән таңдау кезінде шешім қабылдауда; университет шегінде оқу үдерісіне бағдар беруде және бейімдеуде; білім алушылардың болашақтағы кәсіби бағытталуын қалыптастыруда көмек көрсетеді.  

Білім алушылармен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында академиялық топтар бойынша тәрбие жұмысының жоспарын құрады және өз топтары туралы қажетті мәліметтерді жинайды (жеке куәліктерінің берілгендері көрсетілген білім алушылар саны, ата-аналарының немесе жақын туысқандарының фамилиялары мен жұмыс орындары, тұрақты мекен-жайлары мен оқу мерзімі кезіндегі уақытша мекен-жайлары). Білім алушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде күш-жігерді ұжымда белсенді, ұйымдық рух қалыптастыруға бағыттайды, өсіп келе жатырған ұрпақтарды патриоттық сезімге, мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерді білуге тәрбиелейді. Эдвайзер өз жұмысын білім алушылармен жеке тіл табуға, олардың қызығушылықтарын, бейімділіктерін, әуестігін, тұрмысын, әлеуметтік жағдайын, денсаулығының жай-күйін білуге, тұрғын үй – тұрмыстық мәселелерін шешуде қолдан келгенше көмек көрсетеді. Ата-аналармен жұмыс жасау кезінде оларға қажетті білім алушының сабаққа қатысуы (қатыспауы), үлгерімі (үлгерімінің нашарлығы), жоғарғы оқу орнындағы тәртібі туралы мәліметтейді.

Ұйымдастырушылық жұмыста студенттік топтың белсенділеріне көмек көрсетеді, білім алушыларды университеттің қоғамдық өміріне араласуға тартады, студенттік өзін-өзі басқарудың әр түрлі нысандарының дамуына ықпал етеді. Азаматтық, эстетикалық, кәсіби, мәдени, дене тәрбиесіне қатысты нақты шаралар ұйымдастырады және білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына, олимпиадаларға, байқауларға, жарыстарға және басқаларына қатысуға тартады.

Эдвайзер студенттік жатақханаларға үнемі барып тұрады, білім алушыларға тұрмыстық мәселелерін шешуде көмектеседі және өзіне бекітілген білім алушылардың сабаққа қатысуларын бақылайды. Эдвайзер өзінің кәсіби деңгейін жоғарылатуға, үздік эдвайзерлердің жұмыс тәжірибесін меңгеруге және ендіруге, білім алушылармен жұмыс әдістемесін үнемі жетілдіруге тиіс. Оқу жылының соңында кафедра отырысында (факультет кеңесінде) өзінің жұмысы туралы жыл сайын есеп береді.

Вы здесь: Главная Тәлімгерлерге
Вы здесь: Главная Тәлімгерлерге