zhangir-khan1

Материалы

МБЖЖ (МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ) БОЙЫНША ЖАДНАМА

1. МБЖЖ туралы Заңның мәнісі неде?

МБЖЖ-ның мәнісі Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына өзінің не баланың атына ұзақ мерзімді салым ашып, кейін оны білім алуға пайдалануға болатындығында. Мұнымен қоса, бұл салымға банк сыйақысымен қатар жыл сайын мемлекет сыйлықақысы да есептеледі.

2. МБЖЖ-дағы Қаржы орталығының рөлі қандай?

Қаржы орталығы бұл – МБЖЖ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және осы жүйенің қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған ұйым. Оның ішінде Қаржы орталығы:

- қатысушы банкпен және оқу орынмен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;

- әрбір жасалған салым шартын тіркейді және оның есебін жүргізеді;

- мемлекет сыйлықақысы бойынша барлық есептеулерді жүзеге асырады және банктерге қаражат аударады;

- заңда қарастырылған жағдайларда мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады.

3. Салымды қайда ашуға болады?

Салым екінші деңгейлі банктерде ашылады. Білім беру жинақтау салымдарын ашуға болатын банктер туралы толығырақ ақпарат қатысушы банктермен ынтымақтастық туралы келісімнің жасалуына қарай БАҚ-ларда және біздің сайтымызда жарияланады. Қазіргі таңда «БТА Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ серіктес банктер болып табылады.

4. Қандай жағдайларда салым шарты тіркелмейді?

Салымшының атында бұған дейін Қаржы орталығында тіркелген білім беру жинақтау салымы бар болған жағдайда салымды тіркеуге рұқсат етілмейді.

5. Салымды ашу үшін не істеукерек?

Салым ашу үшін өзінің атына (жеке куәлік) және баланың атына (туу туралы куәлік, ЖСН) берілген қажетті құжаттарды банкке ұсыну қажет. Банк менеджері салым шартын жасасу кезінде оқудың ақысын төлеуге қажетті соманы жинау үшін жарна енгізудің қолайлы мерзімділігін және қосымша жарналардың мөлшерін есептеп бере алады. Мемлекет сыйлықақысының төлемдері салымдарды толықтыру мерзімділігіне байланысты болмайды, төлемдер жыл сайын білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына жасалады.

6. Бастапқы минималды жарна қанша?

«БТА Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ - 3 АЕК (5556тг.). «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 15 000 тенге.

7. Жинақтау мерзімдері қандай?

Ең қысқа жинақтау мерзімі 3 жыл, ең ұзақ мерзім қарастырылмаған, алайда мемлекет сыйлықақысының есептелумерзімі 20 жылдан аспайды.

8. Сыйлықақы қандай мөлшерде есептеледі?

- Мемлекет сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық 5%, бірақ 100 АЕК –тен көп емес мөлшерде есептеледі.

- Көтермеленген мемлекет сыйлықақысы басымдылықты санатқа жататын салымшылардың пайдасына ашылған салымдар бойынша жылдық 7% мөлшерінде есептеледі. Олар:

1)жетімбалалар мен ата-анасыныңқамқорлығынсызқалғанбалалар, оныңішінде, кәмелеттікжасқатолған, бірақ 23 жасқадейін;

2) мүгедектер;

3) біргетұратынтөрт не одан да көпкәмелеткетолмағанбалалары бар көпбалалыотбасындағыбалалар, оныңішінде, орта, техникалықжәнекәсіби, орта білімненкейінгі, жоғарыжәнежоғарыоқуорыннанкейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарындакүндізгібөлімдеоқитынбалалар, оларкәмелеттікжасқатолғаннанбастапоқуорнынбітіргенгедейін, бірақ 23 жасқатолғаншағана;

4) жанбасынашаққандағытабысыазық-түліксебетінентөменотбасындағыбалалар;

9. Сыйлықақы капиталға айналдырыла ма?

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын салымның нақты сомасына қосылады, яғни капиталға айналады.

10. Сыйлықақыны есептеу қандай жағдайларда тоқтатылады?

Мемлекет сыйлықақысының есептелуі:

1) 20 жыл өткен соң;

2) салым шартының қолданылу мерзімі аяқталған соң;

3) немесе салымшы қайтыс болғанда, сот салымшыны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен не қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.

11. Неге төленетін мемлекет сыйлықақысының мөлшері 100 АЕК-тен аспайды?

Заңда төленетін мемлекет сыйлықақысы мөлшерінің рұқсат етілетін шегі 100 АЕК көлемінде бекітілген. Яғни, бүгінгі таңда есептелетін жылдық мемлекет сыйлықақысының ең көп мөлшері 185-200 теңге. Мұндай мемлекет сыйлықақысы салым сомасы 3 704 000 теңге болған жағдайда есептеледі.

Бұл шара білім беру салымдары бойынша алыпсатарлық жағдайларды болдырмауға бағытталған, сол себепті қомақты салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын төлеу жоғарыда аталған сандармен шектелген.

12. Қандай жағдайларда есептелген мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылуы тиіс?

1. Салымшының бастамасымен салым шарты бұзылғанда немесе салым нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жағдайда;

2. салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өтсе;

3. жинақтау мерзімі МБЖЖ туралы Заңда белгіленген мерзімнен, яғни 3 жылдан аз болғанда мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталса;

4. салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;

13. Мемлекетсыйлықақысықалайесептеледі?

Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жыл сайын жинақтау мерзімі кемінде бір жыл болған салымның 1 қаңтардағы жағдайы бойынша нақты жиниқталған сомасына жүзеге асырылады.

14. Білім беру жинақтау салымын иелік ету

1. Салымшы не оның заңды өкілі бір жылда 1 рет білім беру салымындағы ақшаны бір қатысушы банктен екінші қатысушы банкке толық аударуға құқылы.

2. Салымшы білім беру грантына ие болған жағдайда ол:

-   білімнің басқа деңгейлерін алу үшін қаражат жинақтауды жалғастыруға;

-   жинақталған қаражатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылып жатқан) білім беру салымына аударуға;

-   білім беру салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы.

15. Салымдағықаражаттыңқалдығына не болады?

Оқудың барлық кезеңдері үшін ақы төлегеннен кейін салымшы не оның заңды өкілі аталмыш соманы есептелген мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы.

16. Шетелдік ЖОО-ғатүскенжағдайда не болады?

Егер салымшы шетелдік оқу орынға түскен болса, өзінің шетелдік білім беру ұйымына қабылданғанын растайтын құжатты ұсыну арқылы оқуының ақысын мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысын қосқандағы жинақталған қаражатының есебінен төлеуге құқылы. Мұндай жағдайда жинақталған қаражат шетелдік білім беру ұйымына аударылған сәттен бастап мемлекет сыйлықақысы есептелмейді.

17. Салымдардың құнсыздануын қалай алдын алуға болады?

Мұндай салымдардың негізгі артықшылығы – ондағы қаражаттың банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге жыл сайын капиталдандырылуы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын ақшаның құнсыздану деңгейін есепке ала отырып, мемлекет сыйлықақысының мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар жасап тұрады.

18. Банктердің сыйақы мөлшерлемелері қандай?

Банкке және жинақтау мерзіміне байланысты 7-10%. Яғни, мемлекет сыйлықақысын бірге есептегенде жалпы жыл сайынғы сыйақы 17%-ға жетуі мүмкін.

19. МБЖЖ бойынша салымдар кепілдендірілген бе?

Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерінде орналасқан дипозиттерін кепілдендіруді «Қазақстанның кепілдік беру қоры» АҚ жүзеге асырады. Банк жабылуға мәжбүр болған жағдайда аталмыш қоғам кепілді түрде салымшылардың ақшасын (5 000 000 тг. шегінде) өтейді. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы мен банк сыйақысының капиталға айналатындығын, яғни негізгі салымға қосылатынын айта кеткен жөн. Мәлім болғандай, салымдарды кепілдендіру тек негізгі салымға қатысты жүзеге асырылады. Сондықтан, білім беру салымдары толықтай қорғалған.

20. Студент дәлелді себептермен оқуын бір жылға уақытша үзген жағдайда жеңілдікті уақыт беріле ме және салымдағы ақшаның жағдайы не болады?

Заңда жеңілдікті кезең қарастырылған, яғни салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткенге дейін мемлекет сыйлықақысы сақталады.

gons kaz

Вы здесь: Главная
Вы здесь: Главная