zhangir-khan1

Құрметті Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлектері!

Қазіргі таңда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті білім кеңістігіндегі көшбасшы болып саналады.

Сапалы білім Халықаралық стандарттарына сай жүргізіледі.

Студенттерді оқытуда жаңа ақпараттық технологиялар мен интерактивті әдістер қолданылады.

Аймағымыздың жұмыс берушілерінің басым көпшілігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің мамандар даярлау сапасын жоғары бағалайды.

Қол жетілген жетістіктерге қарамастан университет алдында жаңа тұлғадағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау міндеті тұр. Осыған орай әр жылдардағы түлектердің ұсынысымен «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлектерінің Қауымдастығы» ҚБ құрылды.

Қауымдастық мүшелерін Alma Mater-ге деген нәзік сезім мен сыйластық біріктіреді. Қазақстанның білім беру саласының тағдыры мен жағдайы, оның ары қарай дамуы олай болса жалпы еліміздің дамуы өзін селт еткізер жандар Қауымдастыққа кіре отырып, ғылым мен білімді жетілдіру ісіне өздерінің қайырымды да қайратты үлесін қосуды көздеді.

Қауымдастықты құрудың басты мақсаты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне сапалы мамандар даярлау ісіне көмек көрсету.

Құрметті университет түлектері! Сіздерді «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті түлектерінің Қауымдастығы» БҚ-на кіруге шақырамыз.

Ұйымдастырушы жиынның шешімі бойынша жыл сайынғы мүшелік жарна мөлшері 5000 (бес мың) теңге. Мүшелік жарнаны қауымдастықтың «Халық банк» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалындағы 001700903 есеп шотына аудара аласыз, БИК 194901602.

Қауымдастыққа кіру жөніндегі туындаған сұрақтар бойынша «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті түлектері Қауымдастығы» Қоғамдық Бірлестігінің 501009, БҚО, Орал қ., Жәңгір хан көшесі, 51 мекен жайында орналасқан атқарушы органына жолығуларыңызға болады, байланыс телефоны 50-10-09.

Шынайы құрмет және жүрекжарды тілекпен «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті түлектері Қауымдастығы» Қоғамдық Бірлестігінің атқарушы органы.

 

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Түлектер қауымдастығы
Вы здесь: Главная Түлектер қауымдастығы