zhangir-khan1

Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымы

1. Жалпы мәлімет

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ бакалавриат, магистратура, докторантура (РhD) арқылы көп деңгейлі жүйелі кадрларды дайындайды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім магистратура мен докторантурадағы оқытуды қоса алғанда ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, ҚР үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары баспалдағы болып табылады.

Ғылыми, кадрлық, оқу-әдістемелік және ақпараттық, материалдық және университеттегі білім беру үрдісінің техникалық қолдау магистранттар мен докторанттар арнайы білім беру бағдарламаларын, олардың іргелі зерттеулер мен оқу-әдістемелік оқыту сапалы даму мүмкіндігін қамтамасыздандырады және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік береді

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ филососия ғылымдарының докторы (PhD) және бейіні бойынша докторларды дайындау үшін:

1) ҚР жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім мамандықтарының классификаторы;

2) ҚР МЖМБС.Жоғары оқу орынан кейінгі білім.Докторантура. Негізгі ережелеріне (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы № 1080 қаулысына 13.05.2016 ж. № 292 өзгерістер мен толықтыруларымен);

3) докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспары;

4) академиялық күнтізбесі;

5) докторанттың жеке оқу жоспары;

6) жұмыс оқу жоспары;

7) пәндер бойынша оқу бағдарламалары;

8) докторанттың жеке жұмыс жоспары қолданылады.

Докторантурада білім алу мемлекеттік тапсырыс негізінде күндізгі түрде оқытылады.

Сонымен қатар, докторантурада ақылы негізінде:

- шетел азаматтары ;

- ЖОО, ғылыми зерттеу институттарының, кәсіпорындар мен мекемелердің тапсырысы негізінде;

- бейіндік докторантурада жұмыс берушісінің тапсырысымен білім алуға болады.

2. Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны

2.1

Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы

Кредит бойынша көлемі

1

2

3

1

Базалық пәндер (БП):

3

1)

Міндетті компонент (МК)

3

2)

Таңдау компоненті (ТК)

ОҚТ есебі

2

Бейіндеуші пәндер

12

1)

Міндетті компонент (МК)

-

2)

Таңдау компоненті (ТК)

12

 

Теориялық оқыту бойынша жалпы саны

15

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

кемінде 55

1)

Практика (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) (ПЗӨП)

кемінде5

2)

Докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы, (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ)

кемінде 20

3)

Докторлық диссертацияны орындау

30

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

5

1)

Кешенді емтихан (КЕ)

1

2)

Докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау (ДҚ)

4

 

Барлығы

кемінде 75

2.2 Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлықпен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.

2.3 Бейін бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономика салаларына, әлеуметтік салаға: білім беру, медицина, құқық, мәдениет, қызмет көрсету, бизнес-әкімшілендіру және қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады.    

2.4 Докторант ғылыми кеңесшісінің жетекшілігімен дайындалатын жеке жұмыс жоспарына сәйкес білім алады.

Жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

2) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

4) негіздемесі мен құрылымы бар докторлық диссертация тақырыбы;

5) докторлық диссертацияны орындау жоспары;

6) ғылыми жарияланымдар және тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту жоспары.

3. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын екі компоненттен тұрады: білім беру және ғылыми;

3.1 Докторантураның білім беру компоненті:  

1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқыту;

2) докторанттардың практикалық даярлығы: кәсіби, практика ғылыми тағылымдамалар түрлері;

3) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.

3.2 Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысынан, ғылыми жарияланымдарынан және докторлық диссертацияны жазуынан тұрады.

3.3 Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып мәліметтерді өңдеудің және интерпретациялаудың заманауи әдістеріне негізделуі керек;

5) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

6) қорғалатын негізгі ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс..

3.4 Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар

1) докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келуі;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделген және нақты практикалық ұсыныстары, кешенді сипаттағы басқару мәселелерінің өзіндік шешімдерінің болуы;

4) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

5) қорғалатын негізгі ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.     

4. Докторантураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы  

4.1

Қызмет түрі

Кредит саны

Жалпы сағат саны

соның ішінде

Оқытушылармен байланыстағы сағаттар

ДӨЖ

1

Теориялық оқыту  

15

675

225

450

2

ДҒЗЖ, докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда

50

6000

750

5250

3

Практика,  соның ішінде:

5

450

90

360

педагогикалық (PhD)

3

90

45

45

зерттеу (PhD)

2

240

30

210

өндірістік

(бейіні бойынша)

5

375

75

300

4

Қорытынды аттестация 

5

525

75

450

 

Барлығы

75

7530

1125

6405

4.2   Докторанттың қызмет түріне байланысты кредит көлемі

Қызмет түрі

1 кредиттің сағаттағы көлемі

с.і. оқытушылармен байланыстағы

с.і. ДӨЖ

1

Теориялық оқыту  

45

15

30

2

ДҒЗЖ

120

15

105

3

Практика,  соның ішінде:

     

педагогикалық

30

15

15

зерттеу

120

15

105

өндірістік

75

15

60

4

Қорытынды аттестация

105

15

90

4.3 Бейіндік докторантураны бітіруші педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайларда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі (егер оқу жоспарында қарастырылмаған болса), оны аяқтаған соң негізгі дипломға тиісті куәлік беріледі..

4.4. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған докторантқа ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны келесі оқу жылында қорғауға мүмкіндік беріледі.

4.5 Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде докторлық диссертацияны қорғамаған докторанттың докторантурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылуы мүмкін.

4.6 Практикалар мен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Практика ғылыми, кәсіби қызметтегі практикалық дағдыны қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасында мыналар қамтылуы тиіс:

1) философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін педагогикалық және зерттеу практикалары (көлемі кемінде 3+2 кредит);

2) бейіні бойынша докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін кәсіби-өндірістік практика (көлемі кемінде 5 кредит).

Педагогикалық практика оқу процесінен қол үзбей теориялық оқу кезеңінде өткізілуі мүмкін, осы ретте докторанттар бакалавриатпен магистратурада сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін.

Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерттеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін практикада қолдану, диссертациялық зерттеудегі эксперименттік деректерді өңдеу мен интерпретациялау дағдыларын бекіту мақсатында жүргізіледі.

Докторанттың өндірістік практикасы оқу процесінде алынған теориялық білімді түйіндеу және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады..

4.7 ДҒЗЖ/ДЭЗЖ шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялар мен және өндірістің жаңа түрлері мен танысу үшін тиісті қызмет салалары бойынша ғылыми ұйымдарда және/немесе ұйымдарда, сондай-ақ шетелде міндетті түрде ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылады.

4.8 Докторанттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы докторлық диссертация болып табылады.

Докторлық диссертацияның тақырыбы оның өзектілігін есепке ала отырып докторантураға қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей айқындайды. Диссертациялық зерттеудің бағыты, әдетте, ұлттық басымдықтармен не мемлекеттік бағдарламалармен не іргелі немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларымен байланысты болуы тиіс.     

4.9 Докторанттың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес ғылыми, ғылыми-талдау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.

4.10 Докторантқа оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде докторлық диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Докторанттың ғылыми жетекшілігімен зерттеу тақырыбы ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі. 

Докторанттарға ғылыми жетекшілікті ғылым докторларымен кандидаттарының, философия (PhD) докторларының ішінен сайланған құрамы кемінде 2 адамнан тұратын және олардың біреуі шетелдік жоғары оқу орнының ғалымы болып табылатын консультациялық комиссия атқарады («Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобын қоспағанда).

4.11 Докторанттың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.

Докторантты қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және докторлық диссертация қорғау нысанында заңнамада белгіленген тәртіппен өткізіледі.

Докторлық диссертацияны қорғау диссертацияны дайындауды, ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.        

4.12 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жүргізген сараптама қорытындысы бойынша оң шешім шығарған кезде докторантураның білім беру бағдарламасын толық орындаған жәнедокторлық диссертацияны сәтті қорғаған тұлғаларға «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» ғылыми дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі дипломмен дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
Вы здесь: Главная Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымы